Индонезиядағы Бали аралында 80 күн немесе 2 ай 19 күн болып, Вьетнамдағы ең үлкен Хошимин қаласына аттандым.
Вьетнамға кіру үшін, Қазақстандықтарға әуежайда виза жасату керек.
Бағасы 25$ және 1 сағаттай уақыт алады.
Виза 30 күнге беріледі.
Хошиминнің халқы 9 миллион.
Көліктердің 90%-ы мотоциклдар.
Көшелері өте шулы, жан жақтан адамдар сөйлеп жатады, және жан жақтан моторлардың дауысы.
Көшелері лас, әлде Балиға үйреніп қалғаным соншама, Хошиминнің көшелері маған лас болып көрінеді ма?
Тамақтары шамалы. Қанша жесеңде тоймайсың. Ашық қолдарымен тамақты ұстап салай береді. Ағылшын тілін көбі білмейді.
Бірақ хостел керемет болды. Өте таза әрі тыныш